Біз туралы
Сайт домені: https://baitursynuly-corp.kz/
“А.Байтұрсынұлы мәтіндерінің қазақша-орысша параллель корпусы” сайты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитеті тарапынан 2023-2025 ж. гранттық қаржыландырылған “АР19676988 А. Байтұрсынұлы конкордансы: Қазақша-орысша параллель корпус” ғылыми жобасы (жоба жетекшісі - Г.Ж. Байшукурова) нәтижесінде әзірленді.
Бұл сайт Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде параллель ұсынатын электронды мәтіндік база. Сайтта автордың шығармалары, сөздік, сөзқолданыс картотекасы, мақалалар және корпус статистикасы сияқты бөлімдер бар. Сайт толық ашық режімде қолжетімді. Корпус пен конкорданс функционалы жұмыс істейді; пайдаланушылар нақты деректермен жұмыс істей алады. Бұл кезеңде технология апробациядан өткен және нақты қолдануға жарамды. Оқу процесінде де апробациядан өткен.
Бұл ресурс тіл мамандарына, әдебиеттанушыларға, студенттер мен зерттеушілерге мәтінді салыстырып оқуға және талдауға мүмкіндік береді.
Сайттың автор-әзірлеушілері:
Г.Ж. Байшукурова, Н.Н. Аитова, Н. Ербосын, А.Б. Иргебаева, С.К. Серикова, А.Б. Умарова.