Сөздіктің негізін ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясында әзірленген AP19676988-«А. Байтұрсынұлы конкордансы қазақ-орыс параллель корпусы» (жетекшісі ф.ғ. к. Гулнур Байшукурова) электрондық қазақ-орыс параллель корпусының материалдары құрайды. А.Байтұрсынұлының таңдамалы шығармалары конкорданс құрудың негізгі мәтін көзі ретінде алынды, оған « Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Тіл жұмсар», «Әдебиет танытқыш» сияқты тіл білімі, әдебиеттану саласындағы іргелі ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік құралдардан үзінділер, таңдамалы мақалалар, хаттар, баяндамалар, сондай-ақ, ақынның өлеңдері, аудармалары енген.
Қазіргі уақытта А.Байтұрсынұлының еңбектерінің қазақ тіліндегі және орыс тіліне аударылған академиялық басылымдары бар, олар бұрынғы графикадан қазақ тілінің қазіргі жазуына сәйкестендірілген. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы өз шығармаларының кейбір басылымдарын (1914 жылдан 1928 жылға дейін) араб графикасында жазды, ол кезең қазақ жазу емлесінің қалыптасу уақыты болғандықтан, кейбір тұстарда жазуда әртүрлі нұсқалар қолданылды, бұл мәтіндер ауқымының әртектілігіне әкелді. Сонымен қатар, ғалымның көптеген шығармасы бірнеше рет кириллицаға аударылып, транслитерацияланды. Сөйтіп, басылымның біртекті болмауы графикасының авторлық және редакторлық нұсқаларының көп болуымен байланысты туындап отыр.
«Ахмет Байтұрсынов терминдерінің қазақ-орыс жиілік сөздігінде» қазақ тіліндегі 400-ге жуық термин және оның орыс тіліндегі аудармалары бар. Сөздікке оқыту әдістемесіне, лингвистикаға, әдебиеттануға және т.б. қатысты терминдер мен ұғымдар енгізілген.
Терминдер әліпби ретімен берілген. Сөздіктегі терминдер бір ғана сөзден (мысалы, ТЕРМЕ) немесе сөз тіркесінен (мысалы, КӨРНЕК ӨНЕРІ) тұруы мүмкін. Тақырыптар қою бас әріптермен берілген. Тақырыптық сөз оның бастапқы тұлғасында беріледі. Егер терминдер сөз тіркестері түрінде болса, онда олардың әліпбилік орны тіркестің бірінші сөзі бойынша анықталады.
Қазақ тілінде терминдер алдымен авторлық түсіндірмемен, яғни шығармалардағы анықтамалар мен түсіндірмелер күйінде беріледі, содан кейін қазақ тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, болмаса ішнара құрастырушылар тарапынан анықталған терминнің заманауи түсіндірмесі түрінде беріледі. Терминнің орыс тіліне аудармасы орыс тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, олардың мағынасын түсіндірумен қатар жүреді.
Сөздікке тіл білімі, әдебиеттану, лингводидактика мен оның негізгі пәндерінің (педагогика, психология және т.б.) даму деңгейін көрсететін А. Байтұрсынұлының ескі, ұмытылған терминдері мен ұғымдары енгізілген. А.Байтұрсынұлының көптеген терминге түрліше түсіндірмелері мен сипаттамалары да келтірілген. Сөздікте, сондай-ақ, жалпы қабылданған атауларға сәйкес тілдік, әдебиеттану, әдістемелік терминдер мен ұғымдардың түсіндірмелері нақтыланған.
Сөздіктің негізгі мақсаты – қазақ әліпбиі мен қазақ жазуының негізін қалаушы, ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық бірліктерін жүйелеу. Ахмет Байтұрсынұлы – лингвистикалық терминдерді айналымға енгізген алғашқы лингвист. Авторлар сөздік материалдары қазақ тілі мен әдебиеті, пәнді оқытудың қазақстандық әдістемесінің дамуы, оның ұғымдары мен терминдер жүйесінің байлығы туралы толық түсінік береді деп санайды.
Сөздік филолог мамандарға, оқытушыларға, әдіскерлерге, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға және оқу, ғылыми және практикалық пән ретінде әдістемеге қызығушылық танытқан көпшілікке арналған.
Құрастырушылардан
Сайт домені: https://baitursynuly-corp.kz/
“А.Байтұрсынұлы мәтіндерінің қазақша-орысша параллель корпусы” сайты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитеті тарапынан 2023-2025 ж. гранттық қаржыландырылған “АР19676988 А. Байтұрсынұлы конкордансы: Қазақша-орысша параллель корпус” ғылыми жобасы (жоба жетекшісі - Г.Ж. Байшукурова) нәтижесінде әзірленді.
Бұл сайт Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде параллель ұсынатын электронды мәтіндік база. Сайтта автордың шығармалары, сөздік, сөзқолданыс картотекасы, мақалалар және корпус статистикасы сияқты бөлімдер бар. Сайт толық ашық режімде қолжетімді. Корпус пен конкорданс функционалы жұмыс істейді; пайдаланушылар нақты деректермен жұмыс істей алады. Бұл кезеңде технология апробациядан өткен және нақты қолдануға жарамды. Оқу процесінде де апробациядан өткен.
Бұл ресурс тіл мамандарына, әдебиеттанушыларға, студенттер мен зерттеушілерге мәтінді салыстырып оқуға және талдауға мүмкіндік береді.
Сайттың автор-әзірлеушілері:
Г.Ж. Байшукурова, Н.Н. Аитова, Н. Ербосын, А.Б. Иргебаева, С.К. Серикова, А.Б. Умарова.
-
лемма
А.Байтұрсынұлы анықтамасы
Қазіргі сөздіктердегі анықтамасы
орысша атауы
значение
Сөз жиілігі
-
Ықшамдау
Бағыныңқы сөйлемдер екі түрде айтылады. 1) Толық түрде. 2) Ықшам түрде. Толық түрде айтылған бағыныңқы сөйлемдердің бәрін болмаса да, көбін-ақ ықшам түрге айналдыруға болады. Ықшамдау деп сол толық түрден ықшам түрге айналдыру айтылады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 261]
Неполное предложение
Неполное предложение - предложение, характеризующееся неполнотой грамматической структуры или неполнотой состава, вследствие того что в нем отсутствует один или несколько членов (главных или второстепенных), ясных из контекста или из ситуации. [Словарь-справочник лингвистических терминов. Изд. 2-е. — М.: Просвещение. Розенталь Д. Э., Теленкова М. А.. 1976: https://dic.academic.ru/dic.nsf/lingvistic/844/%D0%BD%D0%B5%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BD%D0%BE%D0%B5]
2
-
Ымыраластыру
Сөздерді байланыстыру, түрлендіру. А.Байтұрсынұлы сөз дұрыстығы үшін сөздерді дұрыс түрлендіріп, байланыстыру қажеттігін айтқан (Құрастырушылардан). Қараңыз: Сөз дұрыс айтылуы деб әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалыуы айтылады. Олай болыу үшін керек: Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетүн түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сыйақты нәрселерді жақсы біліб, әрқайсысын өз орнына тұтыныу; Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс себтеб, дұрыс көбтеб, дұрыс ымыраластыру; [А. Байтұрсынұлы. 12 томдық шығармалар жинағы. 9-том, 52-б.]
Синтагма — Қазіргі тіл білімінде бұл термин екі түрлі мағынада қолданылады. Совет тілшісі Л.В. Щербаның ілімі бойынша, синтагма екпіннің, интонацияның тәсілімен жасалған сөзде болатын мәндік (синтаксистік), сондай-ақ фонетикалық тұтастық. Ол бір немесе бірнеше сөзден құралып контексте тұрғанда дара я күрделі мағынаны білдіреді. Француз лингвисті Фердинанд Де Соссюрдің ілімі бойынша, синтагма сөйлемде, сөйлем мүшесінде, конструкцияда бір комплекс жасайтын екі я бірнеше элементтердің (белгілердің) қосындысы. [Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет.]
Синтагма
Синтагма [гр. syntagma - букв. нечто соединенное] - лингв. цельная речевая синтаксическая и смысловая единица (слово или группа слов, словосочетание), представляющая собой комбинацию определяющего и определяемого элементов (напр., «мальчик играет весело в мяч» включает синтагмы: «мальчик играет», «играет весело», «играет в мяч»). [Словари и энциклопедии на Академике https://dic.academic.ru/dic.nsf/dic_fwords/33393/%D0%A1%D0%98%D0%9D%D0%A2%D0%90%D0%93%D0%9C%D0%90]
-
-
Ымыралы харіфтер
Ұяң харіфтер өзара екіге бөлінеді: 1) Ымыралы харіфтер. Ымыралы харіфтер: ж, р, з, л. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 34]
Ымыралы дыбыс - ымыраға көнетін, жалғау, жұрнақтардың ауанына сəйкесетін дыбыстар. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде ұяң харіфтер өзара екіге бөлініп, өз ішінен 1) ымыралы харіфтер ( ж, р, з, л); 2) ымырасыз харіфтер ( м, н, ң) деп жіктеледі. Яғни, ғалым еңбектерінде жалғау, жұрнақтардың ауанына қарай жіктеу нəтижесінде жалғау, жұрнақтары бірдей болып шығатын дыбыстарды бірыңғай шығарып, əрқайсысын өз алдына бір тап қылып жіктеу арқылы ж, р, з, л дыбыстары «ымыралы» деп аталса, Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінен кейін р, л дыбыстары жарты дауыстылар қатарында аталып, ж, з дыбыстары ғана ымыралы дыбыс ретінде сипатталды [Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия / бас ред. Тойбаева Ж. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. - 744 б].
Изменяемые буквы: ж(ﺝ), з(ﺯ), л(ﻝ).
Изменяемые буквы: ж(ﺝ), з(ﺯ), л(ﻝ). Начертание букв меняется в зависимости от расположения внутри слова (в начале, в конце или в середине, с учётом того, что слова пишутся справа налево) [Словари и энциклопедии на Академике: https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/14560]
-
-
Ымырасыз харіфтер
Ұяң харіфтер өзара екіге бөлінеді:
2) Ымырасыз харіфтер. Ымырасыз харіфтер: м, н, ң. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 34]
Ымырасыз дыбыс - ымыраға көнбейтін, жалғау, жұрнақтардың ауанына сəйкеспейтін дыбыстар. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде ұяң харіфтер өзара екіге бөлініп, өз ішінен 1) ымыралы харіфтер ( ж, р, з, л); 2) ымырасыз харіфтер ( м, н, ң) деп жіктеледі. Яғни, ғалым еңбектерінде жалғау, жұрнақтардың ауанына қарай жіктеу нəтижесінде жалғау, жұрнақтары бірдей болып шығатын дыбыстарды бірыңғай шығарып, əрқайсысын өз алдына бір тап қылып жіктеу арқылы сөз аяғында келмейтін, жалғау жұрнақтардың ешбір түрімен үйлеспеуіне байланысты үш дыбыс ( ң, м, н дыбыстары) «ымырасыз» деп, өз алдына жіктелген. Тұтастай алғанда, 1924 жылғы Қазақ білімпаздарының съезінде қазақ тілінің дыбыстарын дауысты, дауыссыз деп екі бөліп алып, дауыссыз дыбыстарды өз ішінен бес бөліп жіктеген: 1. р, л, у, й төртеуі жарты дауысты атанған; 2. ң, м, н – үшеуі ұяң делінген; 3. б, п, т, с, ш, қ, к – жетеуі қатаң атанған; 4. ж мен з – ымыралы, 5. д, ғ, г – үшеуі ымырасыз атанған. Яғни, бұрын «ымырасыз» деп танылып келген м, н, ң дыбыстарының орнына енді д, ғ, г дыбыстары «ымырасыз» деп аталды.[Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия / бас ред. Тойбаева Ж. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. - 744 б.]
Неизменяемые буквы р (ﺭ)м(م), н(ن), ң(ڭ).
Неизменяемые буквы р (ﺭ)м(م), н(ن), ң(ڭ). Начертание букв меняется в зависимости от расположения внутри слова (в начале, в конце или в середине, с учётом того, что слова пишутся справа налево) [Словари и энциклопедии на академике https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/14560]
-