Сөздіктің негізін ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясында әзірленген AP19676988-«А. Байтұрсынұлы конкордансы қазақ-орыс параллель корпусы» (жетекшісі ф.ғ. к. Гулнур Байшукурова) электрондық қазақ-орыс параллель корпусының материалдары құрайды. А.Байтұрсынұлының таңдамалы шығармалары конкорданс құрудың негізгі мәтін көзі ретінде алынды, оған « Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Тіл жұмсар», «Әдебиет танытқыш» сияқты тіл білімі, әдебиеттану саласындағы іргелі ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік құралдардан үзінділер, таңдамалы мақалалар, хаттар, баяндамалар, сондай-ақ, ақынның өлеңдері, аудармалары енген.
Қазіргі уақытта А.Байтұрсынұлының еңбектерінің қазақ тіліндегі және орыс тіліне аударылған академиялық басылымдары бар, олар бұрынғы графикадан қазақ тілінің қазіргі жазуына сәйкестендірілген. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы өз шығармаларының кейбір басылымдарын (1914 жылдан 1928 жылға дейін) араб графикасында жазды, ол кезең қазақ жазу емлесінің қалыптасу уақыты болғандықтан, кейбір тұстарда жазуда әртүрлі нұсқалар қолданылды, бұл мәтіндер ауқымының әртектілігіне әкелді. Сонымен қатар, ғалымның көптеген шығармасы бірнеше рет кириллицаға аударылып, транслитерацияланды. Сөйтіп, басылымның біртекті болмауы графикасының авторлық және редакторлық нұсқаларының көп болуымен байланысты туындап отыр.
«Ахмет Байтұрсынов терминдерінің қазақ-орыс жиілік сөздігінде» қазақ тіліндегі 400-ге жуық термин және оның орыс тіліндегі аудармалары бар. Сөздікке оқыту әдістемесіне, лингвистикаға, әдебиеттануға және т.б. қатысты терминдер мен ұғымдар енгізілген.
Терминдер әліпби ретімен берілген. Сөздіктегі терминдер бір ғана сөзден (мысалы, ТЕРМЕ) немесе сөз тіркесінен (мысалы, КӨРНЕК ӨНЕРІ) тұруы мүмкін. Тақырыптар қою бас әріптермен берілген. Тақырыптық сөз оның бастапқы тұлғасында беріледі. Егер терминдер сөз тіркестері түрінде болса, онда олардың әліпбилік орны тіркестің бірінші сөзі бойынша анықталады.
Қазақ тілінде терминдер алдымен авторлық түсіндірмемен, яғни шығармалардағы анықтамалар мен түсіндірмелер күйінде беріледі, содан кейін қазақ тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, болмаса ішнара құрастырушылар тарапынан анықталған терминнің заманауи түсіндірмесі түрінде беріледі. Терминнің орыс тіліне аудармасы орыс тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, олардың мағынасын түсіндірумен қатар жүреді.
Сөздікке тіл білімі, әдебиеттану, лингводидактика мен оның негізгі пәндерінің (педагогика, психология және т.б.) даму деңгейін көрсететін А. Байтұрсынұлының ескі, ұмытылған терминдері мен ұғымдары енгізілген. А.Байтұрсынұлының көптеген терминге түрліше түсіндірмелері мен сипаттамалары да келтірілген. Сөздікте, сондай-ақ, жалпы қабылданған атауларға сәйкес тілдік, әдебиеттану, әдістемелік терминдер мен ұғымдардың түсіндірмелері нақтыланған.
Сөздіктің негізгі мақсаты – қазақ әліпбиі мен қазақ жазуының негізін қалаушы, ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық бірліктерін жүйелеу. Ахмет Байтұрсынұлы – лингвистикалық терминдерді айналымға енгізген алғашқы лингвист. Авторлар сөздік материалдары қазақ тілі мен әдебиеті, пәнді оқытудың қазақстандық әдістемесінің дамуы, оның ұғымдары мен терминдер жүйесінің байлығы туралы толық түсінік береді деп санайды.
Сөздік филолог мамандарға, оқытушыларға, әдіскерлерге, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға және оқу, ғылыми және практикалық пән ретінде әдістемеге қызығушылық танытқан көпшілікке арналған.
Құрастырушылардан
Сайт домені: https://baitursynuly-corp.kz/
“А.Байтұрсынұлы мәтіндерінің қазақша-орысша параллель корпусы” сайты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитеті тарапынан 2023-2025 ж. гранттық қаржыландырылған “АР19676988 А. Байтұрсынұлы конкордансы: Қазақша-орысша параллель корпус” ғылыми жобасы (жоба жетекшісі - Г.Ж. Байшукурова) нәтижесінде әзірленді.
Бұл сайт Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде параллель ұсынатын электронды мәтіндік база. Сайтта автордың шығармалары, сөздік, сөзқолданыс картотекасы, мақалалар және корпус статистикасы сияқты бөлімдер бар. Сайт толық ашық режімде қолжетімді. Корпус пен конкорданс функционалы жұмыс істейді; пайдаланушылар нақты деректермен жұмыс істей алады. Бұл кезеңде технология апробациядан өткен және нақты қолдануға жарамды. Оқу процесінде де апробациядан өткен.
Бұл ресурс тіл мамандарына, әдебиеттанушыларға, студенттер мен зерттеушілерге мәтінді салыстырып оқуға және талдауға мүмкіндік береді.
Сайттың автор-әзірлеушілері:
Г.Ж. Байшукурова, Н.Н. Аитова, Н. Ербосын, А.Б. Иргебаева, С.К. Серикова, А.Б. Умарова.
-
лемма
А.Байтұрсынұлы анықтамасы
Қазіргі сөздіктердегі анықтамасы
орысша атауы
значение
Сөз жиілігі
-
Үдету
Дамыту. Пікіріңді сөйлегенде алдыңғы сөзіңнен артқы сөзіңнің қуаты асып отырса, дамыту болады. Әншейін сөйлегенде дамытудың мыйсалы мынау: 1) Бар! Жүгір! Ұш! 2) Мен саған он рет, жүз рет, мың рет айттым. «Бар» дегеннен «жүгір» деген күштірек, «жүгір» дегеннен «ұш» деген күштірек. Екінші мыйсалда «он рет айттым» дегеннен «жүз рет айттым» деген күштірек, «жүз рет айттым» дегеннен «мың рет айттым» деген күштірек. Дамыту негізі сөздің осы табғыи заңына тіреледі. Сөз шығарыушылар да сөздің осы табиғыи заңымен пайдаланыб, керекті жерінде сөзін бірденбірге күшейтеді. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 138]
Үдету — (амплификация) (латын. amplificatio – өсіру, шұбату деген мағынада) – шешендік сөз қолдану тәсілі, бейнелі сөздерді, бірыңғай эпитеттерді, ұксас теңеулерді, мәндес сөздерді (синоним) тізбектеп келтіріп, ойды өзгеше әсерлі етіп жеткізеді. [Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1998. - 384 б.]
Амплификация
Амплификация (лат. amplificatio, от amplus - полный, обширный, и facere - делать). 1) подробное изложение какого-нибудь суждения. 2) излишнее многословие в речи. [Словари и энциклопедии на Академике: https://dic.academic.ru/dic.nsf/dic_fwords/3924/%D0%90%D0%9C%D0%9F%D0%9B%D0%98%D0%A4%D0%98%D0%9A%D0%90%D0%A6%D0%98%D0%AF]
-
-
Үзілетін харіфтер
Әр сөз түбір сөз болсын, туынды сөз болсын, жұрнақтарымен, жалғауларымен бірге тұтас жазылады, үзілетін қаріптер келген жерде үзіледі; ол үзілу сөздің тұтастығын бұзбайды (үзілетін қаріптер: а, д, р, з, о, ұ, у, е). [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 77]
А.Байтұрсынұлы тқте жазудағы әріптердің кейбірі қолмен жазып келе жатқанда келесі әріппен қолды (жолды) үзбей жазуға келмейтін, қолды үзіп қайта жалғастырылатын әріптер туралы айтып отыр. Қараңыз: " кей харіфтер келесі харіфтермен жалғасады, кей харіфтер жалғаспайды. «А», «р», «з» – жалғаспайтын харіфтер, «л» – жалғасатын харіф. Бұған харіф жалғарда құйрығын кесіп қысқартамыз. Мұнан басқа кейінгі жалғасатын харіфтер турасында да осыны айтарға" (Құрастырушылардан)
Правила переноса
Правила переноса — правила разбивки слов при переносе их части из одной строки в другую. [Издательский словарь-справочник. — М.: ОЛМА-Пресс. Мильчин А.Э.. 2003; https://publishing_dictionary.academic.ru/1869/%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D1%81%D0%B0_%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%BB%D0%B0]
-
-
Үйрету көшесі
А.Байтұрсынұлында үйрету тәртібі, реті ретінде қолданылған (Құрастырушылардан): "Үйретіу көшесі былай:
1. Әліп кітабының бірінші бетінде тұрған сүгіретті оқытыушы тақтайға салады да сол нәрсенің жайынан әңгіме қозғайды.
2. Салынған сүгіретті балалар дәптерлеріне көшіреді.
3. Сүгіреттегі нәрсенің атын көшіріу.
4. Сөздің дыбыстарын айырыу.
5. Сөзді әріптен бұтарлау.
6. Әріптерден сөз жасау.
7. Баспа таныу." [А. Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары. 2022. 3 томдық, 3-том, 686-б.}
Үйрет етістігінің қимыл атауы.
1. Білмегенді білдіру, оқыту. [https://sozdikqor.kz/]
Порядок обучения
Педагогически обоснованная, последовательная, непрерывная смена актов обучения, в ходе которой решаются задачи развития и воспитания личности [https://pedagogical_dictionary.academic.ru/2638/%D0%9F%D1%80%D0%BE%D1%86%D0%B5%D1%81%D1%81_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F ]
-
-
Үлкен тыныс белгі
Үлкен тыныс белгісі (.) [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 251]
Нүкте - жай және құрмалас сөйлемдердің толық аяқталғанын білдіретін, содан кейін қойылатын тыныс белгісі. [Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет]
Точка
Точка - знак препинания, ставящийся в конце повествовательного предложения, а также знак, употребляемый при сокращенном написании слов. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.469]
-
-
Үміт өлең
Үміт өлең. Біреуден үміттене, бір нәрсе дәме ете айтқан ақындардың өлеңдері үміт өлең табына жатады. Мәселен, мақтау өлең, құттықтау өлең [А. Байтұрсынұлы. 12 томдық шығармалар жинағы. 9-том, 364-б.]
Ода — [грекі оde] з а т. ә д е б. Көркем әдебиеттегі көтеріңкі пафоста жазылған поэзиялық шығарма. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 11-том. /Құраст.: Ж.Манкеева, С.Бизақов, Ә.Жүнісбек және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.]
Ода
Ода (греч. ᾠδή — песнь) — в Древней Греции первоначально лирическое стихотворение на различные темы, исполнявшееся хором, с музыкальным сопровождением. В дальнейшем О. называлось торжественное лирическое стихотворение, написанное в приподнятом тоне. [Словари энциклопедии на Академике: https://poetique.academic.ru/356/%D0%BE%D0%B4%D0%B0]
-
-
Үстеу (үстеуіш)
Үстеу дейміз – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді. Мыйсалы, «тым жақсы», «он есе», «таб өзі», «әрең келдім» жана басқа сондай. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 55]
Үстеу (лат. adverbium) - қимылдың сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, мөлшерлік т.б. күй-жайын білдіретін, морфологиялық жағынан өзгеріске түспейтін сөз табы [Қалиев, Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, б. 377]
Наречие
Наречие - часть речи, характеризующаяся категориальным значением признака действия, качества или предмета, грамматической категорией степеней сравнения, синтаксическим употреблением преимущественно в функции обстоятельственных слов и сложной системой словообразовательных соотношений с основными частями речи, т. е. с именем и глаголом. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.243]
-