Сөздіктің негізін ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясында әзірленген AP19676988-«А. Байтұрсынұлы конкордансы қазақ-орыс параллель корпусы» (жетекшісі ф.ғ. к. Гулнур Байшукурова) электрондық қазақ-орыс параллель корпусының материалдары құрайды. А.Байтұрсынұлының таңдамалы шығармалары конкорданс құрудың негізгі мәтін көзі ретінде алынды, оған « Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Тіл жұмсар», «Әдебиет танытқыш» сияқты тіл білімі, әдебиеттану саласындағы іргелі ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік құралдардан үзінділер, таңдамалы мақалалар, хаттар, баяндамалар, сондай-ақ, ақынның өлеңдері, аудармалары енген.
Қазіргі уақытта А.Байтұрсынұлының еңбектерінің қазақ тіліндегі және орыс тіліне аударылған академиялық басылымдары бар, олар бұрынғы графикадан қазақ тілінің қазіргі жазуына сәйкестендірілген. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы өз шығармаларының кейбір басылымдарын (1914 жылдан 1928 жылға дейін) араб графикасында жазды, ол кезең қазақ жазу емлесінің қалыптасу уақыты болғандықтан, кейбір тұстарда жазуда әртүрлі нұсқалар қолданылды, бұл мәтіндер ауқымының әртектілігіне әкелді. Сонымен қатар, ғалымның көптеген шығармасы бірнеше рет кириллицаға аударылып, транслитерацияланды. Сөйтіп, басылымның біртекті болмауы графикасының авторлық және редакторлық нұсқаларының көп болуымен байланысты туындап отыр.
«Ахмет Байтұрсынов терминдерінің қазақ-орыс жиілік сөздігінде» қазақ тіліндегі 400-ге жуық термин және оның орыс тіліндегі аудармалары бар. Сөздікке оқыту әдістемесіне, лингвистикаға, әдебиеттануға және т.б. қатысты терминдер мен ұғымдар енгізілген.
Терминдер әліпби ретімен берілген. Сөздіктегі терминдер бір ғана сөзден (мысалы, ТЕРМЕ) немесе сөз тіркесінен (мысалы, КӨРНЕК ӨНЕРІ) тұруы мүмкін. Тақырыптар қою бас әріптермен берілген. Тақырыптық сөз оның бастапқы тұлғасында беріледі. Егер терминдер сөз тіркестері түрінде болса, онда олардың әліпбилік орны тіркестің бірінші сөзі бойынша анықталады.
Қазақ тілінде терминдер алдымен авторлық түсіндірмемен, яғни шығармалардағы анықтамалар мен түсіндірмелер күйінде беріледі, содан кейін қазақ тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, болмаса ішнара құрастырушылар тарапынан анықталған терминнің заманауи түсіндірмесі түрінде беріледі. Терминнің орыс тіліне аудармасы орыс тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, олардың мағынасын түсіндірумен қатар жүреді.
Сөздікке тіл білімі, әдебиеттану, лингводидактика мен оның негізгі пәндерінің (педагогика, психология және т.б.) даму деңгейін көрсететін А. Байтұрсынұлының ескі, ұмытылған терминдері мен ұғымдары енгізілген. А.Байтұрсынұлының көптеген терминге түрліше түсіндірмелері мен сипаттамалары да келтірілген. Сөздікте, сондай-ақ, жалпы қабылданған атауларға сәйкес тілдік, әдебиеттану, әдістемелік терминдер мен ұғымдардың түсіндірмелері нақтыланған.
Сөздіктің негізгі мақсаты – қазақ әліпбиі мен қазақ жазуының негізін қалаушы, ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық бірліктерін жүйелеу. Ахмет Байтұрсынұлы – лингвистикалық терминдерді айналымға енгізген алғашқы лингвист. Авторлар сөздік материалдары қазақ тілі мен әдебиеті, пәнді оқытудың қазақстандық әдістемесінің дамуы, оның ұғымдары мен терминдер жүйесінің байлығы туралы толық түсінік береді деп санайды.
Сөздік филолог мамандарға, оқытушыларға, әдіскерлерге, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға және оқу, ғылыми және практикалық пән ретінде әдістемеге қызығушылық танытқан көпшілікке арналған.
Құрастырушылардан
Сайт домені: https://baitursynuly-corp.kz/
“А.Байтұрсынұлы мәтіндерінің қазақша-орысша параллель корпусы” сайты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитеті тарапынан 2023-2025 ж. гранттық қаржыландырылған “АР19676988 А. Байтұрсынұлы конкордансы: Қазақша-орысша параллель корпус” ғылыми жобасы (жоба жетекшісі - Г.Ж. Байшукурова) нәтижесінде әзірленді.
Бұл сайт Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде параллель ұсынатын электронды мәтіндік база. Сайтта автордың шығармалары, сөздік, сөзқолданыс картотекасы, мақалалар және корпус статистикасы сияқты бөлімдер бар. Сайт толық ашық режімде қолжетімді. Корпус пен конкорданс функционалы жұмыс істейді; пайдаланушылар нақты деректермен жұмыс істей алады. Бұл кезеңде технология апробациядан өткен және нақты қолдануға жарамды. Оқу процесінде де апробациядан өткен.
Бұл ресурс тіл мамандарына, әдебиеттанушыларға, студенттер мен зерттеушілерге мәтінді салыстырып оқуға және талдауға мүмкіндік береді.
Сайттың автор-әзірлеушілері:
Г.Ж. Байшукурова, Н.Н. Аитова, Н. Ербосын, А.Б. Иргебаева, С.К. Серикова, А.Б. Умарова.
-
лемма
А.Байтұрсынұлы анықтамасы
Қазіргі сөздіктердегі анықтамасы
орысша атауы
значение
Сөз жиілігі
-
Іргелес сөйлем
Мағына жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер іргелес деліп аталады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 251]
Жай сөйлем — л и н г в. Аяқталған бір ғана ойды білдіретін бір я бірнеше сөздің тізбегі. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5 - том / Құраст.: Б. Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнiсбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.]
Простое предложение
Простое предложение - предложение, имеющее в своем составе одну предикативную единицу, т. е. не делимое на части, которые в свою очередь образовали бы предложение. [Словари и энциклопедии на Академике: https://dic.academic.ru/dic.nsf/lingvistic/1264/%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%B5]
-
-
Іргелес сөйлем
1. Күн ашық. Тоғайлар шат. Ың-жың орман. 2. Күн кеш болды. Ат болдырды, ел көрінбеді. Батыр сасайын деді. 3. Біссімілдә безгелдек! Бұлай жатсын дуадақ! Сыбағама
қоңыр қаз. Үлесіме үш үйрек. Екі сартқа бір тартар, аққуды батыр-екең атар. 1-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында жақсы күннің жайын сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар. 2-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында кеш уақытта болған уақиға жайын сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар. 3-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында үлес кіретін сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар. Сүйтіп, үш мысалдың үшеуіндегі сөйлемдер біріне бірі тек ой іргесімен ғана жанасқаны болмаса, бастарын қосып тұрған басқа еш нәрсе жоқ. Сондықтан бұлардың аралары да біріне бірі қосылмай, ашық-ашық үзіліп айтылады. Жазғанда араларына үлкен тыныс белгісі (.) қойылады. Іргелері жақын болса, ортаншы тыныс белгісі (;) қойылады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 251]
Параллельная связь предложений
Параллельная связь - одно из основных средств межфразовой связи. Связь, при которой предложения сопоставляются, при этом благодаря параллелизму конструкций, в зависимости от лексического наполнения, возможно сопоставление или противопоставление [Словарь лингвистических терминов: Изд. 5-е, испр-е и дополн. — Назрань: Изд-во "Пилигрим". Т.В. Жеребило. 2010; https://lingvistics_dictionary.academic.ru/2758/%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%81%D0%B2%D1%8F%D0%B7%D1%8C]
-
-
Ішкергі жалғау
Біздің қазақ тілі түркі тілдің бір тарауы болғандықтан жалғамалы. Қазақ сөзінің түбірі өзгерілмей аяғына жалғау қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі: бірі сөздің тұлғасын өзгертсе де, ішкі мағынасын өзгертпейді, екіншісі сөздің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқысы тысқарғы, соңғысы ішкергі жалғау деп аталады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 25-26]
Внутренний аффикс/флексия
Внутренний аффикс/флексия - 1) Звуковое изменение корня, выражающее различие грамматических форм. Русск. несу — ношу, ВеЗ — ВОЗ, еду — езжу. 2) То же, ЧТО чередование грамматическое (см. чередование). [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.484]
-
-
Ішкі белгі
Сөйлегенде бір нәрсе туралы сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын сөйлейміз. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады. Ол нәрсенің сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше болады. Бұлар бас мүше мен баяншы мүшенің ішкі белгілері. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 205]
Бастауыштың (бас мүшенің) ішкі белгі - сөйлемде не туралы сөйленіп тұрғанын анықтау арқылы нақтыланатын қазық сөз, сөйлем иесі.
[Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия / бас ред. Тойбаева Ж. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. - 744 б.]
Мағына - сөйлемде не туралы сөйленіп тұрғанын анықтау арқылы нақтыланатын қазық сөз, сөйлем иесі.
{Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет.}.
Значение главного члена предложения
Главный член предложения. Подлежащее — это главный член двусоставного предложения, обозначающий носителя признака (действия, состояния, свойства), названного сказуемым. Сказуемое — это главный член двусоставного предложения, обозначающий признак (действие, состояние, свойство), отнесенный к носителю, который выражен подлежащим. [Словари и энциклопедии на Академике: https://pravopisanie.academic.ru/72/%C2%A7_237._%D0%A7%D0%9B%D0%95%D0%9D%D0%AB_%D0%9F%D0%A0%D0%95%D0%94%D0%9B%D0%9E%D0%96%D0%95%D0%9D%D0%98%D0%AF]
-
-
Ішкі жақындық
Сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық болады. Ішкі жақындық – мағына жүзіндегі жақындық. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 251]
Іргелес сөйлем - мағына жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер. Мыс.: 1) Күн ашық. Тоғайлар шат. Ың-жың орман. 2) Күн кеш болды. Ат болдырды, ел көрінбеді. Батыр сасайын деді. 3) Біссімілдə безгелдек! Бұлай жатсын дуадақ! Сыбағама қоңыр каз. Үлесіме үш үйрек. Екі сартқа бір тартар, аққуды батыр екен атар. 1-мысалға алынған сөйлемдер арасында жақсы күннің жайын сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар. 2-мысалға алынған сөйлемдер арасында кеш уақытта болған уақиға жайын сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар. 3-мысалға алынған сөйлемдер арасында үлес кіретін сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар. Сөйтіп, үш мысалдың үшеуіндегі сөйлемдер біріне-бірі тек ой іргесімен ғана жанасқаны болмаса, бастарын қосып тұрған басқа еш нəрсе жоқ. Сондықтан бұлардың аралары да біріне-бірі қосылмай, ашық-ашық үзіліп айтылады. Жазғанда араларына үлкен тыныс белгісі (.) қойылады. Іргелері жақын болса, ортаншы тыныс белгісі (;) қойылады.[Ахмет Байтұрсынұлы. Энциклопедия / бас ред. Тойбаева Ж. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. - 744 б.].
Сочинительная связь
сочинительная связь
Связь между синтаксически равноправными единицами (словами или предложениями). Фабрики и заводы. Не утром, а вечером. Трудно, но интересно. Как мужчины, так и женщины. Сверкнула молния, и грянул гром. [Словарь-справочник лингвистических терминов. Изд. 2-е. — М.: Просвещение. Розенталь Д. Э., Теленкова М. А.. 1976; https://dic.academic.ru/dic.nsf/lingvistic/1563/%D1%81%D0%BE%D1%87%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B0%D1%8F]
-
-
Ішкі мағна
Ішкі - сын. Іш жағындағы, ішіндегі. [Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш. Құрманбайұлы, С.Исакова. "Мұқағали тілі" сөздігі. – Алматы, 2017.
Мағына - белгілі бір сөзге тән ұғым, түсінік; Мән, маңыз; Негіз, себеп; Мазмұн. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 10-том. / Құраст.: М.Малбақов, Н.Оңғарбаева, А.Үдербаев және т.б. – Алматы, 2011. -752 б.]
Значение слова
Значение слова - заключенный в слове смысл, содержание, связанное с понятием как отражением в сознании предметов и явлений объективного мира. Значение входит в структуру слова в качестве его содержания (внутренней стороны), по отношению к которому звучание выступает как материальная оболочка (внешняя сторона). [Словарь-справочник лингвистических терминов. Изд. 2-е. — М.: Просвещение. Розенталь Д. Э., Теленкова М. А.. 1976; https://dic.academic.ru/dic.nsf/lingvistic/453/%D0%B7%D0%BD%D0%B0%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5]
-