-
лемма
А.Байтұрсынұлы анықтамасы
Қазіргі сөздіктердегі анықтамасы
орысша атауы
значение
Сөз жиілігі
-
Азаптаныс
Әуреленіс - драмалық шығарма түрі, сергелдең, яғни азапты тартыс, қазіргіше драма.
(Құрастырушылардан);
Драма. Театр мен әдебиетке жататын әдебиет түрі. Драманың ерекшеліктері: сюжеттілік, іс-әрекеттің дау-дамайлығы және оның сахналық көріністерге бөлінуі. //Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің сөздігі / Б.Ж.Қоқымбаева, Е.Ю.Личман, Б.У.Итемгенова. – Павлодар, ПМПИ, 2013. – 177 б.
Драма
Драма - один из основных родов художественной литературы (наряду с эпосом и лирикой). Специфика драмы как рода литературы заключается в том, что она, как правило, предназначается для постановки на сцене. [Тимофеев Л.И., Тураев С.В. Словарь литературоведческих терминов. – Москва «Просвещение», 1974. – c. 70]
-
-
Айтыс (Айтыс сөз)
Айтысқанда, жәй сөзбен айтысбай, өлеңмен айтысады, сондықтан өлеңмен ғана айтысыу айтыс деб аталады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 320]
Айтыс — қазақ және қырғыз, қарақалпақ халықтарында ежелдең қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдыңда қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. [Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1998. - 384 б.]
Айтыс (импровизированное состязание двух акынов, форма устной народной песни)
Айтыс - публичное поэтическое состязание народных певцов — импровизаторов (акынов) в Казахстане, популярное и в настоящее время. Песенное исполнение поэтических импровизаций на заданную тему происходит под аккомпанемент домбры или кобзы. [Поэтический словарь. — М.: Советская Энциклопедия. Квятковский А. П., науч. ред. И. Роднянская. 1966. https://poetique.academic.ru/8/%D0%B0%D0%B9%D1%82%D1%8B%D1%81]
-
-
Айтыушы
Сөйлеуші, коммуникацияға қатысушы адам (Құрастырушылардан). Қараңыз: "Айтыушы ойын өзі үшін айтбайды, өзге үшін айтады, сондықтан ол ойын өзгелер қыйналмай түсінетүн қылыб айтыу керек. Оның үшін айтыушы сөйлейтүн тілін жақсы қолдана біліу тійіс йағыни әр сөздің мағынасын жақсы біліб, дұрыстаб, сөйлемді тізе біліу тійіс" [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 48]
Сөйлеуші — сөйлеу актісінің белсенді қатысушысы, субъекті ауызекі сөйлеу қатынасы шегіндегі сөйлеу қызметінің жемісті түрі ретіндегі сөйленім субъектісі. [Әлеуметтік лингвистика сөздігі / Абасилов А. – Алматы, 2016.-168 бет.]
Коммуникант
Коммуника́нт - участник коммуникативного акта, порождающий высказывания и интерпретирующий их (в лингвистике).[Словари и энциклопедии на Академике: https://dic.academic.ru/dic.nsf/efremova/275821/%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BC%D1%83%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%82]
5
-
Айырыңқы қиысу
Екі ұшты мағыналы сөйлемдер қиысқан жерде айырыңқы қиысу болады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 253]
Кезектес салалас — л и н г в и с т и к а л ы қ. Істің, оқиғаның кезектесіп болғанын білдіретін салалас құрмалас сөйлем. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 7-том. / Құраст.: Б.Момынова, Б.Сүйерқұлова, А. Фазылжанова және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.]
Разделительное сложносочиненное предложение
Разделительное сложносочиненное предложение - разновидность сложносочиненных предложений, в которых выражаются отношения взаимоисключения, альтернативы, выбора. [Словари и энцкилопедии на Академике: https://lingvistics_dictionary.academic.ru/3791/%D1%81%D0%BB%D0%BE%D0%B6%D0%BD%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%87%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%BF%D1%80%D0%B5%D0%B4%D0%BB%D0%BE%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F]
-
-
Ана тілін үйретіу әдісі
Ана тілін үйрету әдісі (Құрастырушылардан).
Ана тілінің үйретіуі әліб-бійден басталады. Сондықтан ана тілін үйретіу әдісі тұурасындағы әңгімені де әліб-бій үйретіуден бастаймыз. Тіл үйретіу дегенге оқыу үйретіу, жазыу үйретіу, сөйлеу үйретіу кіреді. Сөйлеуді айрықша үйретпей-ақ, әуелі, ата-анасынан, онан кейін айналасынан үйреніп біліп кетеді. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 200]
Балаларға туған тілін әліпбиден бастап үйретудің әдіс-тәсілдер (Құрастырушылардан)
Метод обучения родному языку
Язык родины, усваиваемый ребенком в раннем детстве путем подражания окружающим его взрослым. [ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ https://didacts.ru/termin/rodnoi-jazyk.html#tab-opr]
упорядоченная деятельность педагога и учащихся, направленная на достижение выбранной цели обучения. Совокупность путей, способов достижения целей, решения задач образования. Метод – сердцевина учебного процесса. Связующее звено между запроектированной целью и конечным результатом [Педагогический словарь по темам https://rus-pedagog-themes-dict.slovaronline.com/]
-
-
Анықтауыш
Анықтауыш деп сөйлем ішінде анықтық үшін айтылатын сөзді айтамыз. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 219]
Анықтауыш - зат есімдерден немесе олардың орнына жұмсалатын басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерінің әр түрлі сынын, сапасын, меншіктілігін білдіретін тұрлаусыз мүше. [Қалиев, Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, б. 341]
определение
Несамостоятельный второстепенный член предложения, присоединяемый к господствующему члену атрибутивной связью и указывающий на признак господствующего члена предложения. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.280]
51
-
Анықтауыш
Анықтауыш деп сөйлем ішінде анықтық үшін айтылатын сөзді айтамыз. Мәселен, алайық «Қысқа жіп күрмеуге келмес» деген сөйлемді. Не күрмеуге келмес? – жіп. Жіп не етпес? – күрмеуге келмес. Mұнда жіп – бастауыш, күрмеуге келмес – баяндауыш. «Қысқа» деген сөз не болмақ? Сондықтан «қысқа» деген сөз мұнда анықтық үшін алынған сөз болады. Ондай сөз сөйлемнің «анықтауыш мүшесі» деп немесе жеңілдік үшін тікелей «анықтауыш» деп аталады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 219-220]
Анықтауыш - зат есімдерден немесе олардың орнына жұмсалатын басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерінің әр түрлі сынын, сапасын, меншіктілігін білдіретін тұрлаусыз мүше. [Қалиев, Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, б. 341]
Определение
Определение - несамостоятельный второстепенный член предложения, присоединяемый к господствующему члену атрибутивной связью и указывающий на признак господствующего члена предложения. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.280; https://rus-lingvistic-term.slovaronline.com/978-%D0%BE%D0%BF%D1%80%D0%B5%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5]
51
-
Анықтауыш бағыныңқы сөйлем
«Кімнің жерін жерлесең, соның, жырын жырларсың». Мұнда басыңқы сөйлем – «соның жырын жырларсың», бағыныңқы сөйлем – «кімнің жерін жерлесең». Кімнің жырын жырларсың? — кімнің жерін жерлесең, (соның). Соның – басыңқы сөйлемнің анықтауыш мүшесі. «Кімнің жерін жерлесең деген бағыныңқы сөйлем мұның шылауында болып, кемтігін толтырып тұр жана «кімнің?» деген анықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы сөйлем анықтауыш бағыныңқысы болады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 255-256]
БАҒЫНЫҢҚЫ СӨЙЛЕМ — Басыңқы сөйлемге грамматикалық тұрғыда бағынып тұратын, сабақтас құрмаласқа енген жай сөйлемнің тиянақсыз бөлегі. Бағыныңқы сөйлемдер басыңқыдағы тұтас ойды анықтап, толықтап я пысықтап тұрады. [Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет.]
Придаточное предложение определительное
Придаточное предложение определительное - придаточное предложение, отвечающее на вопрос какой? и относящееся к члену главного предложения, выраженному именем существительным или субстантивированным словом [Словарь-справочник лингвистических терминов. Изд. 2-е. — М.: Просвещение. Розенталь Д. Э., Теленкова М. А.. 1976; https://dic.academic.ru/dic.nsf/lingvistic/1209/%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%B4%D0%B0%D1%82%D0%BE%D1%87%D0%BD%D0%BE%D0%B5]
-
-
Анықтауыш бағыныңқы сөйлем/анықтау бағыныңқысы
Кімнің жырын жырларсың? — кімнің жерін жерлесең, (соның). Соның – басыңқы сөйлемнің анықтауыш мүшесі. «Кімнің жерін жерлесең деген бағыныңқы сөйлем мұның шылауында болып, кемтігін толтырып тұр жана «кімнің?» деген анықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы сөйлем анықтауыш бағыныңқысы болады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 255]
БАҒЫНЫҢҚЫ СӨЙЛЕМ — Басыңқы сөйлемге грамматикалық тұрғыда бағынып тұратын, сабақтас құрмаласқа енген жай сөйлемнің тиянақсыз бөлегі. [Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет.]
А.Байтұрсынұлы бұл жерде бағыныңқы сыңардың басыңқымен анықтауыштық қатынаста байланысуын айтқан. (Құрастырушылардан)..
Определение в роли придаточного предложения (Определение с подчинением)
Определение - обыкновенно называется такая часть предложения, которая содержит в себе указания качества или свойства предмета, имя которого выражено в предложении существительным. [Словари и энциклопедии на академике https://dic.academic.ru/dic.nsf/brokgauz_efron/137041/%D0%9E%D0%BF%D1%80%D0%B5%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5]
Придаточное предложение — синтаксически зависимая предикативная часть сложноподчиненного предложения, содержащая подчинительный союз или союзное слово. [Словари и энциклопедии на академике https://dic.academic.ru/dic.nsf/lingvistic/1202/%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%B4%D0%B0%D1%82%D0%BE%D1%87%D0%BD%D0%BE%D0%B5]
-
-
Анықтауыш/анықтауыш мүше
«Қысқа жіп күрмеуге келмес» деген сөйлем. Не күрмеуге келмес? – жіп. Жіп не етпес? – күрмеуге келмес. Mұнда жіп – бастауыш, күрмеуге келмес – баяндауыш. «Қысқа» деген сөз не болмақ? Бұл «қысқа» деген сөзді айтпай, құр «жіп күрмеуге келмес» деп ғана қойсақ, қандай жіп күрмеуге келмейтіні белгісіз, жіптің бәрі күрмеуге келмейтін сияқты болып шығады. Күрмеуге келмейтін аты жіп болғанның бәрі емес, «қысқа жіп». «Қысқа» деген сөз қосылса, күрмеуге келмейтін қандай жіп екені ашылып, анықталады. Сондықтан «қысқа» деген сөз мұнда анықтық үшін алынған сөз болады. Ондай сөз сөйлемнің «анықтауыш мүшесі» деп немесе жеңілдік үшін тікелей «анықтауыш» деп аталады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 220]
АНЫҚТАУЫШ — Сөйлем ішіндегі сөздерді анықтап, сипаттап, қандай? қалай? деген сұрауларға жауап беріп тұратын синтаксистік тұрлаусыз мүше. [Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет.]
Определение
Несамостоятельный второстепенный член предложения, присоединяемый к господствующему члену атрибутивной связью и указывающий на признак господствующего члена предложения. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.280]
-