Сөздіктің негізін ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясында әзірленген AP19676988-«А. Байтұрсынұлы конкордансы қазақ-орыс параллель корпусы» (жетекшісі ф.ғ. к. Гулнур Байшукурова) электрондық қазақ-орыс параллель корпусының материалдары құрайды. А.Байтұрсынұлының таңдамалы шығармалары конкорданс құрудың негізгі мәтін көзі ретінде алынды, оған « Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Тіл жұмсар», «Әдебиет танытқыш» сияқты тіл білімі, әдебиеттану саласындағы іргелі ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік құралдардан үзінділер, таңдамалы мақалалар, хаттар, баяндамалар, сондай-ақ, ақынның өлеңдері, аудармалары енген.
Қазіргі уақытта А.Байтұрсынұлының еңбектерінің қазақ тіліндегі және орыс тіліне аударылған академиялық басылымдары бар, олар бұрынғы графикадан қазақ тілінің қазіргі жазуына сәйкестендірілген. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы өз шығармаларының кейбір басылымдарын (1914 жылдан 1928 жылға дейін) араб графикасында жазды, ол кезең қазақ жазу емлесінің қалыптасу уақыты болғандықтан, кейбір тұстарда жазуда әртүрлі нұсқалар қолданылды, бұл мәтіндер ауқымының әртектілігіне әкелді. Сонымен қатар, ғалымның көптеген шығармасы бірнеше рет кириллицаға аударылып, транслитерацияланды. Сөйтіп, басылымның біртекті болмауы графикасының авторлық және редакторлық нұсқаларының көп болуымен байланысты туындап отыр.
«Ахмет Байтұрсынов терминдерінің қазақ-орыс жиілік сөздігінде» қазақ тіліндегі 400-ге жуық термин және оның орыс тіліндегі аудармалары бар. Сөздікке оқыту әдістемесіне, лингвистикаға, әдебиеттануға және т.б. қатысты терминдер мен ұғымдар енгізілген.
Терминдер әліпби ретімен берілген. Сөздіктегі терминдер бір ғана сөзден (мысалы, ТЕРМЕ) немесе сөз тіркесінен (мысалы, КӨРНЕК ӨНЕРІ) тұруы мүмкін. Тақырыптар қою бас әріптермен берілген. Тақырыптық сөз оның бастапқы тұлғасында беріледі. Егер терминдер сөз тіркестері түрінде болса, онда олардың әліпбилік орны тіркестің бірінші сөзі бойынша анықталады.
Қазақ тілінде терминдер алдымен авторлық түсіндірмемен, яғни шығармалардағы анықтамалар мен түсіндірмелер күйінде беріледі, содан кейін қазақ тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, болмаса ішнара құрастырушылар тарапынан анықталған терминнің заманауи түсіндірмесі түрінде беріледі. Терминнің орыс тіліне аудармасы орыс тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, олардың мағынасын түсіндірумен қатар жүреді.
Сөздікке тіл білімі, әдебиеттану, лингводидактика мен оның негізгі пәндерінің (педагогика, психология және т.б.) даму деңгейін көрсететін А. Байтұрсынұлының ескі, ұмытылған терминдері мен ұғымдары енгізілген. А.Байтұрсынұлының көптеген терминге түрліше түсіндірмелері мен сипаттамалары да келтірілген. Сөздікте, сондай-ақ, жалпы қабылданған атауларға сәйкес тілдік, әдебиеттану, әдістемелік терминдер мен ұғымдардың түсіндірмелері нақтыланған.
Сөздіктің негізгі мақсаты – қазақ әліпбиі мен қазақ жазуының негізін қалаушы, ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық бірліктерін жүйелеу. Ахмет Байтұрсынұлы – лингвистикалық терминдерді айналымға енгізген алғашқы лингвист. Авторлар сөздік материалдары қазақ тілі мен әдебиеті, пәнді оқытудың қазақстандық әдістемесінің дамуы, оның ұғымдары мен терминдер жүйесінің байлығы туралы толық түсінік береді деп санайды.
Сөздік филолог мамандарға, оқытушыларға, әдіскерлерге, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға және оқу, ғылыми және практикалық пән ретінде әдістемеге қызығушылық танытқан көпшілікке арналған.
Құрастырушылардан
Сайт домені: https://baitursynuly-corp.kz/
“А.Байтұрсынұлы мәтіндерінің қазақша-орысша параллель корпусы” сайты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитеті тарапынан 2023-2025 ж. гранттық қаржыландырылған “АР19676988 А. Байтұрсынұлы конкордансы: Қазақша-орысша параллель корпус” ғылыми жобасы (жоба жетекшісі - Г.Ж. Байшукурова) нәтижесінде әзірленді.
Бұл сайт Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде параллель ұсынатын электронды мәтіндік база. Сайтта автордың шығармалары, сөздік, сөзқолданыс картотекасы, мақалалар және корпус статистикасы сияқты бөлімдер бар. Сайт толық ашық режімде қолжетімді. Корпус пен конкорданс функционалы жұмыс істейді; пайдаланушылар нақты деректермен жұмыс істей алады. Бұл кезеңде технология апробациядан өткен және нақты қолдануға жарамды. Оқу процесінде де апробациядан өткен.
Бұл ресурс тіл мамандарына, әдебиеттанушыларға, студенттер мен зерттеушілерге мәтінді салыстырып оқуға және талдауға мүмкіндік береді.
Сайттың автор-әзірлеушілері:
Г.Ж. Байшукурова, Н.Н. Аитова, Н. Ербосын, А.Б. Иргебаева, С.К. Серикова, А.Б. Умарова.
-
лемма
А.Байтұрсынұлы анықтамасы
Қазіргі сөздіктердегі анықтамасы
орысша атауы
значение
Сөз жиілігі
-
Шартты бағыныңқы
Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Мұнда бағыныңқы сөйлем – «қол күймейді», бағыныңқы сөйлем – «көсеу ұзын болса». Қалай етсе (не етсе) қол күймейді? – көсеу ұзын болса; қол күймеудің шарты – көсеу ұзын болуында. Ішінде шарты болғандықтан, бағыныңқы сөйлемдер шартты бағыныңқы деліп аталады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 260]
Шартты бағыныңқылы сабақтас — лингв. Бағыныңқы сөйлемі шартты рай тұлғасында қолданылатын сабақтас сөйлемнің бір түрі. Шартты бағыныңқылы сабақтастардың шарттық, мезгілдік мәндері ешбір формамен ерекшеленбейді (Қазіргі қаз. тілі). [https://sozdikqor.kz]
Придаточное условия
Придаточные условные широко употребляются в официально-деловых текстах, поскольку здесь требуется оговаривать условия правонарушений и правопорядка, а также необходимость существования тех или иных законов, правил и т.д. [Жеребило Т.В.
Словарь лингвистических терминов. Изд. 5-е, испр. и доп.– Назрань: ООО «Пилигрим», 2010. – c. 280]
-
-
Шендестіру
Шендестіру. Екі нәрсе қатар йаки қарама-қарсы келгенде, арасындағы айырым көзге көбірек түседі. Бійік пен аласа, ұзын мен қысқа, көрікті мен көріксіз, шебер мен олақ, ғалым мен надан қатар келгенде, араларындағы айырмасын анық көреміз. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 130]
Шендестіру - антитеза. Антитеза - шендестіру, сөздің мәнерлілігін күшейту мақсатында ұғымдар мен бейнелерді бір-біріне қарама-қарсы қойып қолданудан туған стилистикалық құрылымдар. [Қалиев, Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, б. 24]
Антитеза
Антитеза - (от греч. antithesis — противоречие, противоположение) — резко выраженное противопоставление понятий или явлений. [Тимофеев Л.И., Тураев С.В. Словарь литературоведческих терминов. – Москва «Просвещение», 1974. – c. 18]
-
-
Шпон
Шпон - әріптерді ыдырататын сына. [А. Байтұрсынұлы. 6 томдық шығармалар жинағы. 3-том, 169-б.]
Шпон — қаріптің биіктігіне жетпейтін жұқа металл пластинка, олардың арасындағы қашықтықты арттыру үшін теру жолдары арасында кірістіріледі. [Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.]
Пробел
1. Пустое, незаполненное место в печатном или рукописном текста, пропуск (между буквами, словами, строками и т.д.). [Толковый словарь Ушакова. Д.Н. Ушаков. 1935-1940. https://dic.academic.ru/dic.nsf/ushakov/979106]
1
-
Шумақ
Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Шумақ түрлері:
Екі тармақты шумақ
Төрт тармақты шумақ
Алты тармақты шумақ
Жеті тармақты шумақ
Сегіз тармақты шумақ
Он тармақты шумақ [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 1-том, б. 219, 347]
Шумақ — өлең-жырларда, дастан поэмаларда өлең тармақтарының (жолдарының) белгілі ретпен топтасуы. Бір жол, бір жеке тармақтан өлең ырғағы айқын аңғарылмайды. Ол үшін кем дегенде ырғақтың өрнегі ұқсас екі тармақ алынуы керек. Сондықтан, өлең-жырларда бір шумақ екі жолдан яғни екі тармақтан басталады. [Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1998. - 384 б.]
Куплет
Куплет а, м. couplet m. 1. литер. Строфа стихотворения или песни, часть песенного текста на завершенную мелодию. 2. Стихотворение, состоящее из четверостишия с перекрестной рифмой (обычно на злободневную тему). 3. О шутливой или сатирической песне. [Словари и энциклопедии на Академике https://gallicismes.academic.ru/21428/%D0%BA%D1%83%D0%BF%D0%BB%D0%B5%D1%82 ]
-
-
Шығарма
Сөз өнерінен жасалыб шығатұн нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылыб, көбінесе шығарма деб айтылады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 24]
Шығарма - белгілі бір автордың өз ойынан жазған ғылыми, көркем әдеби еңбегі. [М.Белбаева. Қазақ тілінің омонимдер сөздігі: – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1988. - 193 б.]
Художественное произведение
Художественное произведение - продукт художественного творчества:
- в котором в чувственно-материальной форме воплощен замысел его создателя-художника; и
- который отвечает определенным категориям эстетической ценности. [Словари и энциклопедии на Академике https://dic.academic.ru/dic.nsf/fin_enc/31325]
7
-
Шығарманың ішкі пікір жағы
Шығарманың ішкі пікір жағы деп "шығарма түрінің ғылымы" әдебиетті айтады (Құрастырушылардан) Қараңыз: Шығарманың екі жағы бар: 1) Ішкі пікір жағы, 2) Тысқы тіл жағы. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді: 1) шығарманың тілінің ғылымы; 2) шығарманың түрінің ғылымы. Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады. Түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 44]
Әдебиет — 1. Қандай да бір халықтың, кезеңнің немесе бүкіл адамзаттың ғылыми, көркем, философиялық және т.б. туынды шығармаларының жиынтығы. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 2-том / Құраст.: Ғ.Қалиев, С.Бизақов, О. Нақысбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 744 б.]
Литература
Литература - (фр. litterature, от littera - буква). Словесность, письменность, совокупность письменных и устных памятников слова, принадлежащих известному народу. [Словари и энциклопедии на Академике: https://dic.academic.ru/dic.nsf/dic_fwords/40430/%D0%9B%D0%98%D0%A2%D0%95%D0%A0%D0%90%D0%A2%D0%A3%D0%A0%D0%90]
-
-
Шығарманың тысқы тіл жағы
Шығарманың тысқы пікір жағы деп "шығарма тілінің ғылымы" лингвистиканы айтады (Құрастырушылардан) Қараңыз: Шығарманың екі жағы бар: 1) Ішкі пікір жағы, 2) Тысқы тіл жағы. Сондықтан сөз өнерінің ғылымы екіге бөлінеді: 1) шығарманың тілінің ғылымы; 2) шығарманың түрінің ғылымы. Тілінің ғылымы дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелерін танытады. Түрінің ғылымы сөз өнерінен шыққан нәрселердің мазмұн жағының жүйелерін танытады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 44]
Тіл білімі — л и н г в. Әлем тілдерінің құрылысын, әлеуметтік қызметін және тарихи дамуын, адамзаттың табиғи тілін, оның жалпы заңдылықтарын, қолданылуын және адам қоғамын зерттейтін гуманитарлық ғылым саласы. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. - 800 б.]
Языкознание (лингвистика)
Языкознание (лингвистика) - комплексная наука о человеческом языке как средстве общения (общих законах его строения и функционирования) и обо всех языках мира. [Словари и энциклопедии на Академике: https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/54662 ]
-
-
Шылау сөздер
Шылау сөздер: І. Үстеу; ІІ. Демеу; ІІІ. Жалғаулық; ІV. Одағай сөз. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 55-58]
Шылаулар - сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін қолданылатын, тіркескен сөздеріне әр түрлі реңк, грамматикалық мағына үстейтін көмекші сөздер. [Қалиев, Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, б. 398]
Союзные слова
Союз - часть речи - служебное слово, выполняющее синтаксическую функцию соединения слов, предложений или их частей и указывающее на характер отношений между ними, напр. соединительный ("и"), противительный ("но"), разделительный ("или") союз [Большой Энциклопедический словарь. 2000: https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc3p/278334].
Союзное слово - знаменательное слово, служащее средством связи придаточного предложения с главным и выполняющее одновременно функцию члена предложения. В роли союзных слов выступают относительные местоимения кто, что, который, чей, какой, сколько и местоименные наречия где, куда, откуда, как, когда, зачем, отчего, почему а др. ср. омонимичные союз что и союзное слово что, союз когда и союзное слово когда, союз как и союзное слово как. [Словарь-справочник лингвистических терминов. Изд. 2-е. — М.: Просвещение. Розенталь Д. Э., Теленкова М. А.. 1976: https://dic.academic.ru/dic.nsf/lingvistic/1569/%D1%81%D0%BE%D1%8E%D0%B7%D0%BD%D0%BE%D0%B5].
-