-
лемма
А.Байтұрсынұлы анықтамасы
Қазіргі сөздіктердегі анықтамасы
орысша атауы
значение
Сөз жиілігі
-
Дəйекші/дәйекше (ء)
Сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба (ء ) қою қажет. Дәйекші ( ء ). К, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі ә, е, і, у дыбыстарымен айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою. А, о, ы дыбыстары жіңішке естілетін сөздердің алдына дәйекші (ء ) қойылады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 12, 13, 38]
Апостроф
Апостроф - (греч. apostrophos - обращенный назад). Надстрочный знак в виде запятой [олковый словарь Ушакова. Д.Н. Ушаков. 1935-1940; https://dic.academic.ru/dic.nsf/ushakov/740318].
-
-
Дағдыландыру
«Тіл –құрал» мен балаларды оқытқанда, әр қағида я ережені айтқаннан кейін, балалар әбден түсіну үшін сөйлем-сөйлем сөздерді, мақалдарды үлгіге алып, олардың ішінен қағида я ережеге келетін жерлерін балаларға таптыртып, басқалардан айыртып үйрету. Солай бірнеше рет істеп көрсеткеннен кейін, балалар керек сөздерді өздері тауып, өздері айыруға дағдыланады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 49]
Дағдыландыру - оқушыны арнайы педагогикалық тәсілдер арқылы белгілі бір әрекетке, білім дағдыларына машықтандыру. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4-том. / Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.]
Упражнение
повторное выполнение действия с целью его усвоения. [Словари и энциклопедии на Академике. https://academic.ru/searchall.php?SWord=%D1%83%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5&from=ru&to=xx&did=&stype=]
17
-
Дағдыша емле
Дағдыша емле – баяғыдан бері жазып келе жатқан қалыпты қолданып отырған емле, мәселен, ағылшынша. [А. Байтұрсынұлы. 6 томдық шығармалар жинағы. 3-том, 328-б.]
Дәстүрлі — сын. Қалыптасқан, дағдылы. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4-том. / Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.
Бұрыннан бері дәстүрлі түрде қалыптасқан, морфологиялық немесе фонетикалық тұрғыдан негізделмейтін емлелер [Словарь лингвистических терминов https://dic.academic.ru/contents.nsf/lingvistic/]
Традиционная (историческая) система правописания
Написания, которые являются пережитками прошлого и не могут быть обоснованы ни морфологически, ни фонетически [Словарь лингвистических терминов https://dic.academic.ru/contents.nsf/lingvistic/]
-
-
Дарынды сөз жүйесі
сөз өнерінің ғылымы шығарманың тіл өңі жағынан – тіл иә лұғат қисыны болып, мазмұн жағынан – қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі болып бөлінеді. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том,44-б]; Екі түрлі лебіз бар: бірі жалаң, екіншісі көрнекі болады. Қайсысымен сөйлесек де сөйлеу болады, бірақ сөйлеуді негіз түріне қарай айыру қажет болған орында жалаң лебізбен айтылған сөзді ғана сөйлеу дейміз де, көрнекі лебізбен
айтылған сөзді жырлау, толғау дейміз. Сөйлеу де, жырлау да, толғау да бұл күндегі әдебійет алқасына кіретүн жалаң лебізді жана көрнекі лебізді сөздердің табтарын анық ашыуға жарамсыз болғандықтан, жалаң лебізді сөздерді қара сөз деб, көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деб атау қолайлырақ. Әдетке қарамай, асылына қарағанда, «қара сөз» деген мен «сөйлеу» деген екеуінің мағынасы бір болыб, «дарынды сөз» деген мен «жырлау», «толғау» дегеннің мағынасы бір болыб, бірінің орнына бірі айтыла береді. Қара сөзді шығармалардың да, дарынды сөзді шығармалардың да түрлерінің өлеңдісі, өлеңсізі болады [А. Байтұрсынұлы. 12 томдық шығармалар жинағы. 9-том, 316-б.]
Поэзия — көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең, жыр түрінде шығарылған әдеби шығармалар. [Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1998. - 384 б.]
Поэтиечксая речь, поэзия
Поэтическая речь - совокупность особенностей речи как орудия художественного творчества и предмета художественного восприятия; то же, что речь художественная. Иногда поэтической речью называют стихотворную речь, т. е. художественную речь, организованную по законам стиха. В узком смысле поэтической речью или «поэтическим языком» называют специфический язык поэзии до нового времени, использующий лексику, фразеологию и синтаксис, почти не применяемые в иных сферах речи. [Большая советская энциклопедия. — М.: Советская энциклопедия. 1969—1978: Словари и энциклопедии на Академике https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/123226/%D0%9F%D0%BE%D1%8D%D1%82%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F].
-
-
Дауыссыз дыбыс
Қазақтың нағыз өз тіліндегі дыбысы – 24. Он жеті дыбыс тұйық айтылатын болғандықтан яғни дауыстап айтуға көнбейтін болғандықтан, тұйық дыбыс яки дауыссыз дыбыс деп аталады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 60]
Дауыссыз дыбыстар (консонантизм) - тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. [Қалиев, Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, б. 83]
Согласный звук
Согласные звуки - звуки, отличающиеся от гласных большей степенью затвора, уменьшением звучности и роли, отводимой голосовому тону, и меньшим объемом выдыхаемого воздуха. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.426]
-
-
Дауысты дыбыс
Дыбыстар дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты болады. Соған қарай харіфтер де дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты болып бөлінеді. Дауысты харіфтер: ا a, و о, ؤ ұ, ى ы -и, ـه ـي) е) [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 31]
Дауысты дыбыстар - дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялык ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. [Қалиев, Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, б. 341]
Гласный звук
Гласный звук - чисто тональные, голосовые звуки (т. е. звуки,состоящие главным образом из голосового тона), образуемые настолько свободным проходом воздуха, что возможный при их произнесении слабый шум не воспринимается слухом как характерный их признак. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.104]
-
-
Дауысты дыбыс
Қазақтың нағыз өз тіліндегі дыбысы – 24. 5 дыбыс ашық айтылатын болғандықтан, дауыстап айтуға көнетін болғандықтан, ашық дыбыс яки дауысты дыбыс деп аталады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 60]
Дауысты дыбыстар (вокализм) - дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялык ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. [Қалиев, Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, б. 84]
Гласный звук
Гласные звуки - чисто тональные, голосовые звуки (т. е. звуки,состоящие главным образом из голосового тона), образуемые настолько свободным проходом воздуха, что возможный при их произнесении слабый шум не воспринимается слухом как характерный их признак. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.104]
-
-
Демеу (демеуіш)
Демеу дегеніміз – екі сөздің арасын яки екі сөйлемнің арасын жалғастыруға демеу болатын сөздер. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 59]
Демеу — өз алдына мағынасы жоқ, басқа сөздің қатарында тұрып синтаксистік қызмет атқарушы шылау сөздердің бір түрі. [Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет]
Частица
Частица - разновидность служебных слов, объединяемая как часть речи общей семантико-синтаксической функцией выражения отношения говорящего к высказываемому с особым выделением или уточнением какого-л. момента или стороны в этом высказывании. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.503]
-
-
Дерексіз зат
Зат тегінде екі түрлі: біреулері көзге көрінетүн, құлаққа естілетүн, мұрынға ійіскелетүн, тілге татылатұн, денеге сезілетүн – деректі заттар; екіншілері көзге көрінбейтүн, құлаққа естілмейтүн, мұрынға ійіскелмейтүн, тілге татылмайтұн, денеге сезілмейтүн, адам ақыл мен ғана білетүн дерексіз заттар. Дерексіз заттардың есімін көрсететүн сөздер, мәселен: бақ, бәле, жан, өлім, ой, мінез, ұйат, реніш, құуаныш тағысын тағылар [Ақымет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары, 3 томдық. 2022. 1 том, 76-б.].
Абстрактілік — сын. Дерексіздік, жалпылық. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1-том. / Құраст. Т.Жанұзақ, С.Омарбеков, Ә.Жүнісбек және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.]
Абстрактные слова
Абстрактные слова - существительные, выражающие понятия, обозначающие действие или признак в отвлечении от действователя или носителя признака, и поэтому
противопоставляемые конкретным существительным. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.455]
-
-
Деректі зат
Зат тегінде екі түрлі: біреулері көзге көрінетүн, құлаққа естілетүн, мұрынға ійіскелетүн, тілге татылатұн, денеге сезілетүн – деректі заттар. Деректі заттардың есімін көрсететүн сөздер, мәселен: жер, сұу, ай, күн, дауыс, дыбыс, ән, күй, ійіс-қоңыс, дәм, ашшылық, тұшшылық, жылылық, сұуықтық тағысын тағылар [Ақымет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары, 3 томдық. 2022. 1 том, 76-б.].
Деректілік — з а т е с і м. Дерекке сүйенушілік, нақтылық, шынайылық. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 4-том. / Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.]
Конкретные слова
Конкретные слова - существительные, называющие предметы в обычном (т. е. нефилософском) смысле и живые существа и поэтому противопоставляемые отвлеченным существительным. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.455]
-