Сөздіктің негізін ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясында әзірленген AP19676988-«А. Байтұрсынұлы конкордансы қазақ-орыс параллель корпусы» (жетекшісі ф.ғ. к. Гулнур Байшукурова) электрондық қазақ-орыс параллель корпусының материалдары құрайды. А.Байтұрсынұлының таңдамалы шығармалары конкорданс құрудың негізгі мәтін көзі ретінде алынды, оған « Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Тіл жұмсар», «Әдебиет танытқыш» сияқты тіл білімі, әдебиеттану саласындағы іргелі ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік құралдардан үзінділер, таңдамалы мақалалар, хаттар, баяндамалар, сондай-ақ, ақынның өлеңдері, аудармалары енген.
Қазіргі уақытта А.Байтұрсынұлының еңбектерінің қазақ тіліндегі және орыс тіліне аударылған академиялық басылымдары бар, олар бұрынғы графикадан қазақ тілінің қазіргі жазуына сәйкестендірілген. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы өз шығармаларының кейбір басылымдарын (1914 жылдан 1928 жылға дейін) араб графикасында жазды, ол кезең қазақ жазу емлесінің қалыптасу уақыты болғандықтан, кейбір тұстарда жазуда әртүрлі нұсқалар қолданылды, бұл мәтіндер ауқымының әртектілігіне әкелді. Сонымен қатар, ғалымның көптеген шығармасы бірнеше рет кириллицаға аударылып, транслитерацияланды. Сөйтіп, басылымның біртекті болмауы графикасының авторлық және редакторлық нұсқаларының көп болуымен байланысты туындап отыр.
«Ахмет Байтұрсынов терминдерінің қазақ-орыс жиілік сөздігінде» қазақ тіліндегі 400-ге жуық термин және оның орыс тіліндегі аудармалары бар. Сөздікке оқыту әдістемесіне, лингвистикаға, әдебиеттануға және т.б. қатысты терминдер мен ұғымдар енгізілген.
Терминдер әліпби ретімен берілген. Сөздіктегі терминдер бір ғана сөзден (мысалы, ТЕРМЕ) немесе сөз тіркесінен (мысалы, КӨРНЕК ӨНЕРІ) тұруы мүмкін. Тақырыптар қою бас әріптермен берілген. Тақырыптық сөз оның бастапқы тұлғасында беріледі. Егер терминдер сөз тіркестері түрінде болса, онда олардың әліпбилік орны тіркестің бірінші сөзі бойынша анықталады.
Қазақ тілінде терминдер алдымен авторлық түсіндірмемен, яғни шығармалардағы анықтамалар мен түсіндірмелер күйінде беріледі, содан кейін қазақ тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, болмаса ішнара құрастырушылар тарапынан анықталған терминнің заманауи түсіндірмесі түрінде беріледі. Терминнің орыс тіліне аудармасы орыс тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, олардың мағынасын түсіндірумен қатар жүреді.
Сөздікке тіл білімі, әдебиеттану, лингводидактика мен оның негізгі пәндерінің (педагогика, психология және т.б.) даму деңгейін көрсететін А. Байтұрсынұлының ескі, ұмытылған терминдері мен ұғымдары енгізілген. А.Байтұрсынұлының көптеген терминге түрліше түсіндірмелері мен сипаттамалары да келтірілген. Сөздікте, сондай-ақ, жалпы қабылданған атауларға сәйкес тілдік, әдебиеттану, әдістемелік терминдер мен ұғымдардың түсіндірмелері нақтыланған.
Сөздіктің негізгі мақсаты – қазақ әліпбиі мен қазақ жазуының негізін қалаушы, ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық бірліктерін жүйелеу. Ахмет Байтұрсынұлы – лингвистикалық терминдерді айналымға енгізген алғашқы лингвист. Авторлар сөздік материалдары қазақ тілі мен әдебиеті, пәнді оқытудың қазақстандық әдістемесінің дамуы, оның ұғымдары мен терминдер жүйесінің байлығы туралы толық түсінік береді деп санайды.
Сөздік филолог мамандарға, оқытушыларға, әдіскерлерге, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға және оқу, ғылыми және практикалық пән ретінде әдістемеге қызығушылық танытқан көпшілікке арналған.
Құрастырушылардан
Сайт домені: https://baitursynuly-corp.kz/
“А.Байтұрсынұлы мәтіндерінің қазақша-орысша параллель корпусы” сайты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитеті тарапынан 2023-2025 ж. гранттық қаржыландырылған “АР19676988 А. Байтұрсынұлы конкордансы: Қазақша-орысша параллель корпус” ғылыми жобасы (жоба жетекшісі - Г.Ж. Байшукурова) нәтижесінде әзірленді.
Бұл сайт Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде параллель ұсынатын электронды мәтіндік база. Сайтта автордың шығармалары, сөздік, сөзқолданыс картотекасы, мақалалар және корпус статистикасы сияқты бөлімдер бар. Сайт толық ашық режімде қолжетімді. Корпус пен конкорданс функционалы жұмыс істейді; пайдаланушылар нақты деректермен жұмыс істей алады. Бұл кезеңде технология апробациядан өткен және нақты қолдануға жарамды. Оқу процесінде де апробациядан өткен.
Бұл ресурс тіл мамандарына, әдебиеттанушыларға, студенттер мен зерттеушілерге мәтінді салыстырып оқуға және талдауға мүмкіндік береді.
Сайттың автор-әзірлеушілері:
Г.Ж. Байшукурова, Н.Н. Аитова, Н. Ербосын, А.Б. Иргебаева, С.К. Серикова, А.Б. Умарова.
-
лемма
А.Байтұрсынұлы анықтамасы
Қазіргі сөздіктердегі анықтамасы
орысша атауы
значение
Сөз жиілігі
-
Рай
Етістікте 14 рай бар; 1) Тұйық рай. 2) Билік рай. 3) Ашық рай. 4) Шартты рай. 5) Ереуіл рай. 6) Реніш рай. 7) Қалау рай. 8) Сенімді рай. 9) Сенімсіз рай. 10) Мұң рай. 11) Көніс рай. 12) Қайрау рай. 13) Азалы рай. 14) Теріс рай [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 158].
1. Тұйық рай дейміз – істің беті белгісіз тұйық күйінде тұрғандағы айтылатын сөз түрін. Мәселен: қарамақ, саумақ, бармақ, жазбақ, атпақ, ермек, үймек, жүрмек, тізбек, кетпек дегенде кім? қашан? қалай? істегені мәлім емес.
Осындай сөздер тұйық рай болады.
Билік рай дейміз – істі істеуге-істемеуге кесіп айтқандағы сөз түрін. һәр етістіктен түбірі мен тұқылын алып, билік
рай түрінде жіктеп айтып көрейік. Болымды түрде: жазбақ (сабақты етіс), жыламақ (салт етіс) күреспек
(ортақ етіс), жуынбақ (өздік етіс), жатқызбақ (өзгелік етіс) қаздырмақ (беделді етіс), жегілмек (ырықсыз етіс),
атыстырмақ (шағысты етіс), шапқыламақ (дүркінді етіс), алыңқырамақ (өсіңкі етіс); Болымсыз түрде: жазбасқа,
жыламасқа, күреспеске, жуынбасқа, қаздырмасқа, жатқызбасқа, жегілмеске, атыстырмасқа, шапқыламасқа,
алыңқырамасқа.
Ашық рай дейміз – істі ашық баяндайтын сөздің түрін.
Ашық райдағы сөздер билік райдағы екі айырыс, үш жақтан басқа үш мезгілмен сөйленіп өзгереді.
Шартты рай дейміз – істің істелуіне шарт көрсететін сөздің түрін. Мәселен: «Берсең аларсың, ексең орарсың».
Алуға – беру шарттығын, оруға – егу шарттығын «берсең», «ексең» деген сөздер көрсетіп тұр. Сөздің осындай түрі
шартты рай болады.
Жоғарыда билік рай һәм ашық раймен айтылған сөздерді шартты раймен айтып көрейік.
Ереуіл рай дейміз – істейтін істің мақсұтына болымы
қарсы, ереуіл болғанда айтылатын сөз түрін. Мәселен:
«Сұрасаң да бермеймін, сүйресең де ермеймін» деген
сөздерде «сұрасаң да», «сүйресең де» деген ереуіл рай
болады. Сұрағанда алу мақсұт, сүйрегенде еру мақсұт еді.
Бермеген соң, ермеген соң, істің болымы істің мақсұтына
қарсы келіп тұр. Сөздің осындай түрі ереуіл рай болады.
Реніш рай дейміз – істеген-істемеген істерге реніш
еткенде айтылатын сөз түрін. Мәселен: «Шақырғанда барсамшы!»; «Көрдім деп айтпасамшы!». «Барсамшы» дегенде
бармағанына реніш айтады. «Айтпасамшы» дегенде айтқанына реніш айтады. «Барсамшы», «айтпасамшы» деген
реніш көрсететін сөздер реніш рай болады.
Қалау рай дейміз – істі көңіл қалау, қаламауын көрсететін сөз түрін. Мәселен: Барсам екен, бармасам екен; Айтсаң
екен, айтпасаң екен; Білдірсе екен білдірмесе екен деген сияқты сөздер қалау рай болады.
Сенімсіз рай дейміз – істің болу-болмасына көңіл
сенбегенін көрсететін сөздің түрін. Мәселен: Барар ма екем,
бармас па екем; Көрер ме екенсің, көрмес пе екенсің; Жүрер
ме екен, жүрмес пе екен деген сияқты сөздер сенімсіз рай
болады.
Болжал рай дейміз – істі шартқа қарайлап болжалдағандағы сөздің түрін. Мәселен: оқыр едім (ақшам болса),
ішер едің (су болса), барар еді (жалдаса) деген сияқты сөздер
болжал рай болады.
Мұң рай дейміз – істерлік іске мұң болғанда айтылатын
сөздің түрін. Мәселен: айтар ма едім, айтпас па едім,
жүрер ме едің, жүрмес пе едің деген сияқты сөздер мұң рай
болады.
Көніс рай дейміз – іске көнгенде, мойындағанда айтылатын сөз түрін. Мәселен: кетемін-та, кетпеймін-та,
барамын-та, бармайсын-та, көреді-та, көрмейді-та.
Қайрау рай дейміз – істі істеуге иә істемеуге қайрай
сөйлегендегі сөз түрін. Мәселен: барайыншы, бармайыншы,
баршы, бармақшы, барсыншы, бармасыншы деген сияқты
сөздер қайрау рай болады.
Азалы рай дейміз – қайрау райдың азамен айтылатын
түрін. Мәселен: жүрсейші, жүрмесейші, қалсайшы, қалмасайшы, барсайшы, бармасайшы.
Теріс рай дейміз – істелетін іске айтылатын сөз теріс
түрін. Мәселен: барса игі едім, бармаса игі едім, алса игі
едің, алмаса игі едің, жүрсе игі еді, жүрмесе игі еді деген
сөздер теріс рай болады.
Рай - қимыл-әрекеттің шындыққа қатынасы, оның іске асу мүмкіндігі туралы сөйлеушінің пікірін, көзқарасын білдіретін етістік категориясы. Қазақ тілінде Райдың төрт түрі бар. [Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, б. 260]
Наклонение
Наклонение - 1. Грамматическая категория глагола, выражающая отношение содержания высказываемого к действительности. 2. Оттенки значения категориальных форм наклонения. 3. Различно выражаемые модальные значения. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.239]
2
-
Реттік сан-есім
«Төртінші» деген сөз - реттік сан есім. Мысал: 1. Төртінші жыл жетті. «Төртінші» деген сөз жылдың нешінші екенін анықтап тұр. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 222]
Санның ретін білдіретін, түбір санға -ншы, -нші қосымшасы жалғану арқылы жасалатын сан есім түрі. [Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 12-том / Құраст. А.Үдербаев, О.Нақысбеков, Ж.Қоңыратбаева және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.]
Порядковое числительное
- рорядковое числительноеРазряд числительных, характеризующийся значением порядка следования предметов при счете [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.507].
-