Сөздіктің негізін ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясында әзірленген AP19676988-«А. Байтұрсынұлы конкордансы қазақ-орыс параллель корпусы» (жетекшісі ф.ғ. к. Гулнур Байшукурова) электрондық қазақ-орыс параллель корпусының материалдары құрайды. А.Байтұрсынұлының таңдамалы шығармалары конкорданс құрудың негізгі мәтін көзі ретінде алынды, оған « Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Тіл жұмсар», «Әдебиет танытқыш» сияқты тіл білімі, әдебиеттану саласындағы іргелі ғылыми еңбектері мен оқу-әдістемелік құралдардан үзінділер, таңдамалы мақалалар, хаттар, баяндамалар, сондай-ақ, ақынның өлеңдері, аудармалары енген.
Қазіргі уақытта А.Байтұрсынұлының еңбектерінің қазақ тіліндегі және орыс тіліне аударылған академиялық басылымдары бар, олар бұрынғы графикадан қазақ тілінің қазіргі жазуына сәйкестендірілген. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы өз шығармаларының кейбір басылымдарын (1914 жылдан 1928 жылға дейін) араб графикасында жазды, ол кезең қазақ жазу емлесінің қалыптасу уақыты болғандықтан, кейбір тұстарда жазуда әртүрлі нұсқалар қолданылды, бұл мәтіндер ауқымының әртектілігіне әкелді. Сонымен қатар, ғалымның көптеген шығармасы бірнеше рет кириллицаға аударылып, транслитерацияланды. Сөйтіп, басылымның біртекті болмауы графикасының авторлық және редакторлық нұсқаларының көп болуымен байланысты туындап отыр.
«Ахмет Байтұрсынов терминдерінің қазақ-орыс жиілік сөздігінде» қазақ тіліндегі 400-ге жуық термин және оның орыс тіліндегі аудармалары бар. Сөздікке оқыту әдістемесіне, лингвистикаға, әдебиеттануға және т.б. қатысты терминдер мен ұғымдар енгізілген.
Терминдер әліпби ретімен берілген. Сөздіктегі терминдер бір ғана сөзден (мысалы, ТЕРМЕ) немесе сөз тіркесінен (мысалы, КӨРНЕК ӨНЕРІ) тұруы мүмкін. Тақырыптар қою бас әріптермен берілген. Тақырыптық сөз оның бастапқы тұлғасында беріледі. Егер терминдер сөз тіркестері түрінде болса, онда олардың әліпбилік орны тіркестің бірінші сөзі бойынша анықталады.
Қазақ тілінде терминдер алдымен авторлық түсіндірмемен, яғни шығармалардағы анықтамалар мен түсіндірмелер күйінде беріледі, содан кейін қазақ тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, болмаса ішнара құрастырушылар тарапынан анықталған терминнің заманауи түсіндірмесі түрінде беріледі. Терминнің орыс тіліне аудармасы орыс тілінің терминдерінің академиялық лингвистикалық сөздіктеріне сілтеме жасай отырып, олардың мағынасын түсіндірумен қатар жүреді.
Сөздікке тіл білімі, әдебиеттану, лингводидактика мен оның негізгі пәндерінің (педагогика, психология және т.б.) даму деңгейін көрсететін А. Байтұрсынұлының ескі, ұмытылған терминдері мен ұғымдары енгізілген. А.Байтұрсынұлының көптеген терминге түрліше түсіндірмелері мен сипаттамалары да келтірілген. Сөздікте, сондай-ақ, жалпы қабылданған атауларға сәйкес тілдік, әдебиеттану, әдістемелік терминдер мен ұғымдардың түсіндірмелері нақтыланған.
Сөздіктің негізгі мақсаты – қазақ әліпбиі мен қазақ жазуының негізін қалаушы, ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының терминологиялық бірліктерін жүйелеу. Ахмет Байтұрсынұлы – лингвистикалық терминдерді айналымға енгізген алғашқы лингвист. Авторлар сөздік материалдары қазақ тілі мен әдебиеті, пәнді оқытудың қазақстандық әдістемесінің дамуы, оның ұғымдары мен терминдер жүйесінің байлығы туралы толық түсінік береді деп санайды.
Сөздік филолог мамандарға, оқытушыларға, әдіскерлерге, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға және оқу, ғылыми және практикалық пән ретінде әдістемеге қызығушылық танытқан көпшілікке арналған.
Құрастырушылардан
Ахмет Байтұрсынұлы (1872–1937) — қазақтың белгілі қоғам қайраткері, ағартушы, ақын, тілтанушы, және ғалым. Ол қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлының есімі қазақ тілін оқыту әдістемесінің және әліпбидің негізін қалаушы ретінде танымал. Оның тіл біліміне, әдебиетке және ағартушылық ісіне қосқан үлесі аса зор.
Байтұрсынұлы өзінің бүкіл өмірін қазақ халқын оқытуға және сауаттандыруға арнады. Ол 1912 жылы қазақ жазуының реформасын жасап, "Төте жазу" деп аталған араб жазуына негізделген қазақ әліпбиін ұсынды. Бұл әліпби қазақ тілін оқып-үйренуді жеңілдетіп, халықтың сауаттану деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы "Қазақ" газетін ұйымдастырып, оның бас редакторы болды. Бұл газет сол кезеңде халықтың рухани және мәдени өміріне айтарлықтай әсер етті. Сонымен қатар, ол қазақ әдебиетіне көптеген аударма шығармаларды қосты, мысалы, И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударып, халық арасында танымал етті.
1937 жылы Ахмет Байтұрсынұлы "халық жауы" деген жалған айыппен қуғынға ұшырап, ату жазасына кесілді. Оның есімі тек 1988 жылы ақталып, Қазақстанда оның шығармашылығы қайтадан зерттеле бастады. Бүгінгі күні Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы қазақ мәдениеті мен тіл біліміне қосқан баға жетпес үлес ретінде жоғары бағаланады.
-
лемма
А.Байтұрсынұлы анықтамасы
Қазіргі сөздіктердегі анықтамасы
орысша атауы
значение
Сөз жиілігі
-
Одағай (еліктеуіш, лептеуіш)
Кей сөздер басқа сөздерден оңаша, одағай айтылады. Қуаныш, реніш, күйініш, уайым, қайғы жан күйзелгенде, тән күйзелгенде, жан рахат тапқанда, тән рахат тапқанда шығатын дыбыстар, дауыстар, айтылатын сөздер, жанды һәм жансыз заттардың дыбысын, дауысын еліктеп, айтатын сөздер, хайуандарға айтатын сөздер,
дауыстар, шақырулар бәрі одағай сөз табына кіреді. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 58]
Одағай - адамның сезімі, көңіл күйі, еркімен байланысты дыбыстық ишараттарды білдіретін, өзгермейтін сөздер табы. [Қалиев, Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, б. 230]
Междометие
Класс неизменяемых слов, лишенных специальных грамматических показателей и обладающих особой экспрессивно-семантической функцией — выражения чувств и волевых побуждений. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.218]
-
-
Ойламалдау
Көңіл ырза болмаудан наразылық тұуады. Наразылық мұңға айналады. Мұңнан ой, қыйал тербенеді, сүйтіб, көңіл ырза болмағандағы шығатұн толғаулар жалғыз көңіл күйінің сөзі болмай, ой, қыйал қатысыб шығады. Сондықтан мұңды толғаулар ойламалдау деб аталады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 536-537]
Философиялық поэма — өлеңмен жазылған көлемі шағын лирикалық немесе сюжетті поэманың ойшылдық сарыны басым келетін жанрлық түрі. [Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1998. - 384 б.]
Философская лирика/стихи-созерцание
Феномен духовной культуры, сложившийся на пересечении философии и литературы, часто получающий расширительное толкование: "Философским" нередко называют любое "глубокое" поэтическое произведение, затрагивающее общие проблемы жизни и смерти. [Русская Философия. Энциклопедия. Ведущие редакторы П. П. Апрышко, А. П. Маринин Художник Б. Б. Протопопов Технический редактор Т. А. Новикова Корректор Е. Н. Горбунова. 2015. https://philosophy_rus.academic.ru/671/%D0%A4%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D0%BF%D0%BE%D1%8D%D0%B7%D0%B8%D1%8F]
2
-
Оқу ісі
"Оқу ісі сабақтас әдебиетпен. Оқу әдебиетті күшейтеді, әдебиет оқуды күшейтеді. Оқу мен әдебиет бірін-бірі қолдап, бірін-бірі көтермелеп, бірін-бірі сүйрейді. Оқусыз әдебиеттің күні жоқ, әдебиетсіз оқудың күні жоқ, қазақта оқу да, әдебиет те жаңа ғана көктеп көзге ілінген күйде тұр" [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 234]
жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүддесі үшін оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесі. Мәдениет құндылықтарын және әлемге моральдық-эмоционалды қатынасты, кәсіби және шығармашылық қызмет тәжірибесін игеруге әкеледі. [Словари и энциклопедии на академике https://methodological_terms.academic.ru/searchall.php?SWord=%D0%9E%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5&from=ru&to=xx&did=&stype=0]
Образование
Образование - целенаправленный процесс обучения и воспитания в интересах личности, общества и государства. Ведёт к овладению ценностями культуры и нравственно эмоционального отношения к миру, опытом профессиональной и творческой деятельности [Словари и энциклопедии на Академике: https://methodological_terms.academic.ru/searchall.php?SWord=%D0%9E%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5&from=ru&to=xx&did=&stype=0]
-
-
Орайластыру / дұрыс орайластыру
Сөйлем құрастыру, құрылымын түзу. А.Байтұрсынұлы сөз дұрыстығы үшін сөйлемдерді дұрыс құрып, құрмаластырып, дұрыс орналастыру қажеттігін айтқан (құрастырушылардан). Қараңыз: Сөз дұрыс айтылуы деб әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалыуы айтылады. Олай болыу үшін керек:
Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырыб, дұрыс құрмаластырыб, дұрыс орындастыру [А. Байтұрсынұлы. 12 томдық шығармалар жинағы. 9-том, 52-б.]
Синтаксис — сөйлем жасамның ережелері; айтушының сөйлемдер мен тіркестердің құрылымы жайлы білімінен тұратын менталды грамматиканың құрамдас бөлігі. [Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе, 10-басылым, Халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 608 бет.]
Синтаксис
Синтаксис (греч., от syn - вместе, и taxis - порядок). Часть грамматики, излагающая правила соединения слов и самих предложений для выражения мысли. [Словари и энциклопедии на Академике: https://dic.academic.ru/dic.nsf/dic_fwords/33396/%D0%A1%D0%98%D0%9D%D0%A2%D0%90%D0%9A%D0%A1%D0%98%D0%A1]
-
-
Оралым (өрнекті сөйлем)
Өрнекті сөйлемдер деб құрмалас сөйлемдердің бастары қосылыб, кестелі болыб құралуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке йаки кілемге салған түр сыйақты болмағанмен өрнек-өрнегімен айтылады.
Өрнекті сөйлемді айтқанда, дауыс көтеріліб, төмен деб, әнше оралыб, қайырылыб отырады. Сондықтан
өрнекті сөйлем оралым (йаки шұбыртба) деб аталады. [ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ. Шығармалары – Сочинения. Он екі том. Әдебиет танытқыш. Қазақ тілінде /Ахмет Байтұрсынұлы. – Астана: «Алашорда» ҚҚ, – 2022.
Жарыспалы сабақтас сөйлем. (лингвистикалық). Бағыныңқы компоненттері басыңқымен тек бір сипаттағы қатынаста болатын көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем түрі. Егер бағыныңқы сөйлемдері басыңқымен тек бір сипаттағы (не шарт, не мезгіл, т. б.). қатынаста болып, ортақ бір сұрауға жауап берсе, бірыңғай жарыспалы сабақтас болады (Қаз. тіл. грамм.).//https://sozdikqor.kz/soz?id=15738&a=Jaryspaly%20sabaqtas
Шұбыртпалы ұйқас– бұл қиюына қыл батпастай, жұмыр өлең ұйқасындай, бірінші жолдағы ұйқастың келесі жолдарда түтіні үзілмей қайталануы (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).
Төрт тармақты мақал-мәтел шумақтарында шұбыртпалы және аралас ұйқастарда ұшырасады, бірақ ондай ұйқастар төрт тармақтыдан гөрі үш тармақты, әсіресе көп тармақты шумақтарға тән (Б.Адамбаев, Халық даналығы.).
Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары да ұйқасып отырады (Қ.Жұмалиев, Әдебиет теориясы.).//https://sozdikqor.kz/soz?id=466824&a=Shubyrtpaly%20u%C4%B1qas
Оборот речи
То же, что конструкция. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.264]. Конструкция: 1) расположение слов в речи, свойственное какому-нибудь языку; 2) устройство какого-нибудь предмета; строение предмета.
-
-
Орамды яки өрнекті сөйлем
Сөйлегенде ойды тақ-тұқ қысқа айтып, білдіретін орын да болады. Ойды ұзын айтып, орағытып келіп білдіретін орын да болады. Ұзын айтқанда ой дәуірлеген бетімен барып, қайтатын түрі болады. Сөйлеудің сондай түрлері орамды деліп аталады. [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 264]
Предложения с периодической речью
Период (греч. periodos — «обход», «окружность») — термин, введенный Аристотелем для обозначения «речи, имеющей в себе самой начало и конец и легко обнимаемой умом». Под П. следует понимать так. обр. большую синтаксическую единицу, сложное предложение или группу предложений, характеризуемую полнотой выражения мысли и законченностью интонации, создаваемой выделением пауз, сменой повышения и понижения, замедления и ускорения речи, ритмическим движением клаузулы. [Словари и энциклопедии на академике https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_literature/3628/%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BE%D0%B4]
-
-
Ортаншы тыныс белгі
Үтірлі ноқат (нүкте) «;» (орта тыныс). Бұл белгі: 1) Сөйлемдердің ішкі жақындығы күшті болған жерде қойылады. Сөйлемдер арасында ондай жақындық ортақ ой айтылған немесе нәрсе тұтас суреттелген жерде келеді (Шақшам жақсы еді, тау текенің мүйізінен істелген тақысы еді; қырық қой, төрт ат істеген кісінің ақысы еді; сексен маржан көзі бар еді, тоғыз ат болар деген істеген кісінің сөзі бар еді); 2) Сыйысулы құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары демеулермен құраспай, алды-алдына тұрған жана да қастарында тұрлаусыз сөйлем мүшелері немесе бағыныңқы сөйлем болған орында қойылады (Берген ақыны азсынып, істеген кісі тау жайлаймын деп наршамды алды; ой қыстаймын деп шотымды алды; қыр қыстаймын деп балтамды алды; қалауым деп бөрте атымды алды; жау шапты деп төрт атымды алды; қайқы келген қара атымды алды; тілік құлақ сары атымды алды). [А. Байтұрсынұлы. Шығармалары. 3-том, б. 266]
Нүктелі үтір — мағына жағынан бір-біріне байланысты жай және құрмалас сөйлем мен бірыңғай бағыныңқылардың арасына қойылатын тыныс белгісі. [Тіл білімі терминдерінің орысша–қазақша сөздігі. С.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов. – Алма-ата. Қазақ ССР–нің «Ғылым» баспасы, 1966. – 211 бет.]
Точка с запятой
Точка с запятой - знак препинания, состоящий из точки и расположенной под ней запятой, употребляющийся в сложном или распространенном простом предложении для разделения относительно самостоятельных его частей. [Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Изд. «Советская энциклопедия», Москва, 1966. - С.469]
-